Шығыс Қазақстан облысында 19 вагон рельстен шығып кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап Азаттық хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысы аумағында темір жолдың 252-километрінде, Семей-Дегелең станциясы аралығында жүк пойызының бос келе жатқан 19 вагоны рельстен шығып кеткен.
Ақпанның 2-сінде болған төтенше оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда, бірнеше жүк пойызы мен жолаушылар пойызының кестесінде аздап өзгеріс орын алды.
Темір жол қозғалысы бірнеше сағаттан соң қалпына келтірілген.
Новости Казахстана