ШҚО-да 19 вагон рельстен шығып кеткен


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 23, 2024

Шығыс Қазақстан облысында 19 вагон рельстен шығып кетті. Бұл туралы  облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап Азаттық хабарлайды.

 
Шығыс Қазақстан облысы аумағында темір жолдың 252-километрінде, Семей-Дегелең станциясы аралығында жүк пойызының бос келе жатқан 19 вагоны рельстен шығып кеткен.

Ақпанның 2-сінде болған төтенше оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда, бірнеше жүк пойызы мен жолаушылар пойызының кестесінде аздап өзгеріс орын алды.

Темір жол қозғалысы бірнеше сағаттан соң қалпына келтірілген.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.