Елбасының рөлін сомдаған Нұрлан Әлімжанов «Жыл патриоты» атанды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 28, 2024

Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Менің жолым — Нұрлы жол» атты республикалық форум барысында елімізге есімі танымал бірқатар азамат «Жыл патриоты» құрмет белгісімен марапатталды.

Құрмет белгісіне ие болғандар:

Болашақ стипендиясының иегері Дәмел Мектепбаева;

Жоғары білікті дәрігер хирург Болатбек Баймаханов;

Полиция аға сержанты, ойыққа түсіп кеткен автобустың астынан шығуға тырмысып жатқан ер адамды құтқару үшін ыстық суға толы шұңқырға ойланбастан секіріп кеткен Руслан Нұрғожаев;

Кезекті еңбек демалысында жүрсе де, 15 метрлік су бөгетінің бұзылуы салдарынан болған апаттан адамдарды құтқаруға бел шеше кіріскен азамат Руслан Рысқұлов;

Танымал актер, әнші Нұрлан Әлімжанов;

Қазақстандық зілтемірші, қазақтан шыққан ауыр атлетикадан тұңғыш әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев;

2009 жылдың 29 шілдесінде полигонда жауынгерлік гранаталарды лақтыру жаттығу кезінде қолынан гранатаны түсіріп алған сарбазды құтқарып, жауынгерлік гранатаны өз денесімен жапқан Тимур Жұқабаев.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.