Ақтөбеде 6 адам қаза тапқан ірі жол апаты бойынша іс сотқа жетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 19, 2024

Ақтөбеде алты адам қаза тауып, тұтас бір отбасы қара жамылған жол көлік оқиғасына қатысты іс сотқа жетті. Олардың арасында бір жастан асқан сәби мен алты жасар қыз бала болған.  

Жол көлік оқиғасы Ақтөбе-Алға тас жолы бойында болды. Қатты соққыдан екі көліктің де сау тамтығы қалмаған. Сұмдық оқиғаға кінәлі ретіңде "Сеат" автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі ұсталды. Алайда оның туыстары баламыздың еш кінәсі жоқ деп отыр.

Айыпталушының әкесі Сергей Седлак: "Мен жол көлік оқиғасының сызылған схемасымен келіспеймін. Бұл жерде екі көлік түйіскеннен кейін тежегіш басқан деп көрсетіліп тұр. Негізі олар тежегіштерін қақтығысқа дейін баспай ма? Менің ойымша біздер қаншама адамды жоғалтып, есіміз шығып жатқанда олар көліктердің орнын ауыстырып қойған деп ойлаймын. Оқиғаның қалай болғанын көрген куәгерлер бар", — дейді.

Куәгер демекші, бүгін олардың келмей қалуына байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды. Бірақ қара жамылған жандар болса, бұған өз наразылықтарын білдірді.

Ал "Опель Вектра" көлігінің жүргізушісі болса, бұл жерде жәбірленуші ретінде өтіп отыр.

Зардап шеккен Роза Сұлтанкереева күйеуінің кінәсі жоқ екендігін айтып, жас жігіт тізгіндеген көлік қарсы бағытқа шығып соққанын жеткізді.

Жалпы осы Ақтөбе-Астрахань тас жолында жол көлік оқиғасы жиі болады. Осы жыл басталғалы отызға жуық жол апаты орын алған.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.