Қазақстанда номиналдық құны 1 мың теңгелік банкнот айналымға шықты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 28, 2022

Қазақстанда номиналдық құны 1 мың теңгелік дизайны өзгертілген банкнот айналымға шықты, делінген Ұлттық банк таратқан хабарда.

Дизайны өзгертілген номиналдық құны 1000 теңгелік банкноттың бет жағы: басым түс – сары-қоңыр, басым бейнелер тігінен орналасқан.

Негізгі бейнелер: банкноттың оң жағында "Қазақ Елi" монументі және төменгі жағында ортада ұшып жүрген көгершіндердің бейнесі.

Жоғарғы бөлігінде Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту бейнеленген. Сол жағында төменгі және жоғарғы бөлігінде номиналдың цифрлық белгісі, сол жақта ортада номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі басылған.

"Қазақстан ұлттық банкі" деген жазу жоғарғы сол жақ бұрышта орналасқан, оның астында қолдан жасау жауапкершілігін ескертетін мемлекеттік тілде "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген жазу бар.

Сырт жағы: басым түс – сары-қоңыр, басым бейнелер көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейнелер: Батыс Қазақстандағы Үстірт шоқысы, артқы жағында Қазақстан картасының контуры бейнеленген. Төменгі сол жағында, жоғарғы оң жағында банкнот номиналының цифрлық белгісі, ал төменде ортада – орыс тіліндегі әріптік белгісі.

Жоғарғы жағында ортада "Қазақстан ұлттық банкі" деген жазу басылған, төменгі жақта ортада банкнот
номиналының әріптік белгісінің үстінде "Подделка банкнот преследуется по закону" деген жазу бар.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.