Астана әрқайсысы $270 мың тұратын француз автобустарын сатып алды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 22, 2022

Бүгіннен бастап астаналық жолаушыларды Франция автобустары тасымалдайды. Кеше қала әкімдігі алдында осы елден шығатын су жаңа 59 автобус таныстырылды.

Соңғы үлгіде шығарылған қоғамдық көліктер Еуро 5 стандартына сай. Ауаны ластау көрсеткіші өте төмен, газбен жүретін көлікке пара-пар көрінеді. Бейне бақылау камерасы да орнатылған.

Сондай-ақ, автоматты пандустар жұмыс істейді. Жаңа автобустар 9 және 10-шы бағытта жүре бастайды. Жыл соңына дейін Еуропадан тағы 80 автобус келеді деп күтілуде.

Барлығы 358 қоғамдық көлік сатып алуға келісім жасалған. Жайлы автобустың бағасы да арзан емес. Әрқайсысы — 270 мың доллар тұрады.

"Келісім-шарт құны — 107 миллион еуро. Бұл халықаралық желі арқылы алынған несие. Жылына небәрі 2-2,5 пайыз үстеме төлеп қайтарамыз. Автобустарды сатқан Iveco компаниясы еуропалық "Коммерцбанктен" осындай жеңіл несие алуға көмектесті", — дейді "Астана LRT" ЖШС төрағасы Талғат Ардан.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.