Назарбаев Митталға жұмысшылардың жалақыcын кешіктірмеуді ескертті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 23, 2023

Елбасы «Арселор Миттал» компаниясының төрағасы әрі бас атқарушы директоры Лакшми Митталды қабылдады. Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары талқыланды деп хабарлайды akorda.kz.

Мемлекет басшысы «Арселор Миттал» жұмысының оң нәтижелеріне тоқталды.

"Жалпы, компания шығаратын өнімдерге деген бағаның көтерілуі нәтижесінде көрсеткіштердің жақсаруы, табыстың көбеюі байқалуда. Негізгі стратегиялық міндет бұрынғысынша болат өндірісін 6 миллион тоннаға дейін ұлғайту болып қала бермек" , – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент сондай-ақ компанияда жұмыспен қамтылған еңбеккерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.

"Қазір ең басты нәрсе – өндірісте жұмыс істейтіндердің әлеуметтік көңіл-күйі. Менің теміртаулық металлургтермен және қарағандылық кеншілермен қарым-қатынасым ерекше. Сондықтан, жұмыс орындары қысқарып, жалақы төленбей жатса, олар тікелей маған хабарласады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Лакшми Миттал компания инвестицияларды еселеу арқылы өндірісті дамытуды жалғастырып жатқанын айтты.

"Әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан, «АрселорМиттал Теміртау» қызметі соңғы 4 жылда ұдайы кеңейіп отырды. Біз жылына орта есеппен 350 миллионнан 400 миллион долларға дейін инвестиция салдық. Домна пештері мен орталық зауыттағы өндірісті жақсартып, аясын кеңейту жұмыстарын жалғастырдық" , – деді компания басшысы.

Соңында компанияның ел экономикасындағы маңызды рөлі мен оның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығына қатысуының қажеттігі атап өтілді.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.