Еуразиялық экономикалық одақтың 2015 жылғы бюджеті жарияланды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 10, 2023

Еуразиялық экономикалық одақтың 2015 жылға арналған бюджеті бекітілді. Бұл мәселе Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысында мақұлданды.

 
Осыған дейін хабарланғандай, экономикалық одақтың бюджеті келесі жылы 6 млрд 638 млн 604 мың ресей рубльі көлемінде қалыптасады. Мұндай сома Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында жарияланған.

Бюджет кірістері одаққа қатысушы елдердің үлестік салымдарынан қалыптасқан. Оның ішінде Беларусь — 312 млн-нан астам, Қазақстан — 487 млн-ға тарта ресей рублін салмақ.

Ал, негізгі үлес Ресейдің еншісінде ортақ қазынаға 5 млрд 840 млн-ға жуық рубль салады.

Сондай-ақ, отырыста алдағы қаңтардан бастап күшіне енетін Еуразиялық экономикалық одақ келісімін жүзеге асыру бойынша бірқатар мәселелер талқыланғаны хабарланған.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.