Алматыда қарақшылар дүкеншінің басына оқ атқан


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 8, 2022

Алматы полициясы дер кезінде аса ауыр қылмыстың ізіне түсті. Қанды оқиға қаланың  Алатау ауданында тіркелген.

Мәлім болғандай, екі келімсек шамамен түнгі бірлерде Жұмабаев пен Солтүстік айналым көшелерінде орналасқан тәулік бойы жұмыс істейтін дүкенге баса кірген.

Олар сатушының басына тапанша тақап, ақша беруді бұйырған. Алайда сатушы оған мойынсынбай, бұзақыларға қарсылық көрсеткен. Сол сәтте қаскүнемдер саудагердің басынан атып тастаған.

Қанды оқиғадан кейін де қаскүнемдер қылмыс орнынан құр алақан қайтпай, өздерімен бірге жәбірленушінің ұялы телефонымен басқа да жеке заттарын алып кеткен.

Осы қылмысқа байланысты Алатау АІІБ-да жедел тергеу тобы құрылды. Оның құрамына криминалды полицияның ең тәжірибелі қызметкерлері кірген.

Олар санаулы минутта күдіктілердің тұлғаларын анықтады. Қаскүнемдердің қаладан шығып кету ойлары жүзеге аспады. Айт кетсек, дүкен сатушысы бірден қаладағы ауруханалардың біріне шұғыл жеткізілді.

Алайда бірнеше уақыттан кейін басына алған жарақатынан есін жимай, қайтыс болды.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.