Фернандо Торрес «Милан» клубына да керек болмай қалды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 16, 2022

Англияның «Челси» клубының басшылығы жуырда ғана Фернандо Торрестен құтылғанына қуанып еді деп хабарлайды Еurosport.ru сайты.

Жазда «ақсүйектер» испаниялық футболшыны «Милан» клубына 2 жылға жалға берген. Дегенмен «россонеридің» бас бапкері Филиппо Индзаги Торресті «Стэмфорд Бриджге» қайтармақ.

Себебі 4 айда өткен 10 ойында 30 жастағы форвард бар-жоғы бір гол соғыпты. Ал соңғы 2 ойында ол тіпті алаңға да шыққан жоқ.

Бұған дейін италиялықтар Торресті өзінің алғашқы клубы «Атлетико» сапындағы Алессио Черчиге айырбастамақ болған. Алайда мадридтіктер шәкіртін қайта сатып алуға дайын емес екен.

Осылайша «Милан» 2010 жылғы әлем чемпионымен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзбақ.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.