Жұмысшылар дауына байланысты «Астана ЭКСПО-2017» мәлімдеме жасады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 20, 2023

EXPO аумағына кіретін ТЭЦ-3 құрылысын жүргізіп жатқан жұмысшылар жалақыларын ала алмай отыр деген дауға байланысты "Астана ЭКСПО- 2017" Ұлттық компаниясы ресми түрде мәлімдеме жасады.

Ұлттық компания "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінің, оның құрамдас бөлшегінің құрылысымен және қонақтарды шақырумен айналысады.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ БАҚ өкілдері хабарлағандай ТЭЦ-3, әкімшілік блок және асхана секілді нысандардың құрылысын жүргізіп жатқан жоқ. Яғни, сәйкесінше ЭКСПО аумағында ешқандай ТЭЦ-3 құрылысы жүргізілмейді.

"Тілшілер атаған нысандардың ЭКСПО-2017 көрмесіне еш қатысы жоқ екенін айтқымыз келеді. "Астана ЭКСПО-2017" нысандарының құрылысы кесте бойынша уақытынан кешікпей жүргізіліп келеді және жұмысшылардың жалақысын бермей қою мәселесі болмаған", — деп атап өтті Ұлттық компания.

Еске сала кетсек 10 желтоқсан күні 31 арна тілшілері "ЭКСПО-2017" нысандарын салуда дау-дамай пайда болды деп ақпараттық сюжет жариялаған болатын. Онда EXPO аумағына кіретін ТЭЦ-3 құрылысын жүргізіп жатқан жұмысшылар жалақыларын ала алмай отыр делінген еді.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.