Петропавлда интернаттағы әлімжеттік үшін ата-аналар мен басшылық жаға жыртысуға дейін барды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Ноя 12, 2023

Интернаттағы әлімжеттік үлкен айқайға ұласатын түрі бар. Бүгін Петропавлда шу шыққан спорт мектебі басшылығы мен ата-аналар жаға жыртысуға дейін барды.

 
Тілшілерді жинаған басшылар оқу орнында әлімжеттік атымен жоқ деп ақталмақ болған. Алайда мұны ата-аналар сол жерде жоққа шығарды.

Естеріңізге салсақ, соққыға шыдамай сабақтан безгендерін өткен аптада жеткіншектердің өздері жайып салған. Спорт мектебінде қазір жан-жақты тексеру жүріп жатыр.

Бүркітбай Сүлейменов интернат басшылығы баспасөз маслихатын жинап жатыр дегенді естіп әдейі келіпті. Өйткені тілшілердің көзінше өзін де, баласын да өтірікші қылып көрсетеді деп қорықса керек.

Уайымы бекер емес екен. Жарты сағат шәкірттерінің жетістігін жырлаған директор, баласы үшін шырылдаған әкеге тап берді.

Олар  Бүркітбайға "Сізді шақырған жоқпыз. Не үшін келдіңіз  мұнда?",- деп сұс көрсете жөнелген.

Интернаттағы әлімжеттік жайында өткен аптада шәкірттердің өзі жайып салған. Бірақ, мектеп басшысы оларды бүгін "қиялиға" теңеді.

Ата-аналардың айтуынша, журналистерге шағымданған соң, интернатта оқуын жалғастырып жатқан жеткіншектерге қысым одан бетер күшейіпті.

"Жаттығудан кейін міндетті түрде ұрады екен. Бүйрегінен қолын керіп қойып ұрған. Мен сізге неге өтірік айтамын. Тиым салынған әдісті сәрсенбі мен сенбіде қолданып отырған. Ойдан шығарып қайтем?Мен өзім интернатта оқыған баламын", — дейді  зардап шеккен оқушының әкесі Бүркітбай Сүлейменов.

Баспасөз жиынына директор барлық жандайшаптарын жинаған екен. Тіпті екі баласы интернатта тұратын жалғызілікті ананы да әдейі шақыртқан. Алайда "сценарий бойынша" басшылықтың сөзін сөйлеуі тиіс әйел де шындықты жасырған жоқ.

Жаттығудан кейін міндетті түрде ұрады екен. Бүйрегінен қолын керіп қойып ұрған.

"Балаларым "бізді алып кетші" деп күнде жылайтын. Мен "шыдаңдар сендер ер баласыңдар" деп жұбататынмын. Қазір шүкір олар жоғары сыныпта оқып жүр", — дейді зардап шеккен оқушының анасы Венера Жүсіпова. 

Ал интернаттағы балалардың әлімжеттігін растайтын көріністер әлеуметтік желілерде жүр. Видеода ұйықтап жатқан баланың бұтына от қойған жоғары сынып оқушылары анық көрінеді. Ал ұйқысына шошып оянған бала түк түсінер емес.

Қазір мектеп-интернатты облыстық прокуратура жан-жақты тексеріп жатыр. Бұған қоса ата-аналардың жазған арызы бойынша қылмыстық іс те қозғалған.

Интернат директоры тексерулер нәтижесінде заң бұзушылықтар расталса, жылы орнымен қоштасуға дайын екенін мәлемдеді.

Новости Казахстана


Ноя
11

Комментарии закрыты.