Қазақстанда имамдарға арналған кодекстің қажеттілігі күмән туғызды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 25, 2023

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдардың қызметтік этикасын қабылдады. Бұдан былай олар ғаламтор арқылы қоғамды тәрбиелеуге белсене кірісуі керек. Десе де, халық арасында имамдардың этика кодексіне деген көзқарас әртүрлі.

 
Қоғам қайраткері Мырзан Кенжебай діни басқарманың бұл құжатын түсінер емес.

Ақынның сөзінше ислам дінін ұстанушыларға этика кодексі керек емес. Ислам онсыз да мұсылмандарды білімді, әдепті болуға шақырады.

«Дін басқармасының шығарып отырған жаңалығы олардың сауатсыздығын көрсетеді немесе біреудің тапсырмасын орындап отыр. Ислам діні бүкіл этика мына мешітке келгендермен қалай сөйлесу керек, жетіммен қалай сөйлесу керек. Осының бәрі шариғатта айтылған. Бүкіл ілім білім шариғатта», — деді ақын, қоғам қайраткері Мырзан КЕНЖЕБАЙ.

 Діни басқарма тарихында тұңғыш рет қабылданған құжатта имамдарға көптеген талаптар қойылған. Яғни, қазіргі заманның молдалары ғаламторда отырып, сөйлеу әдебін меңгеруі тиіс.

Сондай-ақ діни қызметкерлерге Абай, Ыбырай, Шәкәрімнің өсиетті өлеңдері мен ғибратты әңгімелерін көркемдеп айту да жүктелген. Қайырымдық шаралар ұйымдастырып, ислам бағытында тәрбиеге көңіл бөлу де имамдардың басты мақсаты болмақ.

Жаңа кодекске сай молданың өзі ғана емес, оның отбасы да мінсіз болуы шарт. Яғни бала-шағасы сабағын тек 5 ке оқып, қоғамға жағымды жағынан көрінуі тиіс.

Алайда құжатта ағаттық жасаған имамды қандай жаза күтетіні көрсетілмеген. Дін қызметкерлері «аяғын шалыс басқан имамның ісін ішіміздегі басшылар жауапқа тартады», — дейді.

Діни басқарма қызметкерлері жаңа этика кодексін имамдарға талапты күшейту мақсатында енгіздік деп отыр.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.