Қарағанды облысында полицей мен өрт сөндіруші екі адамды ажалдан құтқарды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 7, 2022

Қаражал қаласында ішкі істер бөлімінің полицейі мен № 46 өрт бөлімі күзетінің басшысы жанып жатқан үйден мүгедек ер адам мен кішкентай қыз баланы аман алып шыққан.

Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

Қаражал қаласы криминалдық полиция бөлімінің аға оперативтік уәкілі Қасымхан Нұрмағамбетов пен №46 өрт сөндіру бөлімі күзетінің басшысы Ержан Иманқұлов тұрғын үйдің қасынан өтіп бара жатып, пәтерлердің бірі отқа оранғанын байқап қалады.

Екі ер адам еш ойланбастан пәтер ішіндегі адамдарға көмекке жүгірген. Олар терезені сындырып, жалын шарпыған пәтерден 62 жастағы мүгедек ер адамды алып шықты. Есін жиған зардап шегуші үйде үш жасар қыз қалғанын айтқан. Ер адамдар өртеніп жатқан пәтерге кері оралып, бүлдіршінді ажалдан құтқарды.

Осы оқиғадан кейін кішкентай қыздың анасы Ксения Цхе Қарағанды облысы ІІД басшысына хат жазып, баласын құтқарған ержүрек батырларға алғысын жаудырған.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.