Петропавлда қоғамдық көліктерде жолақысы қымбаттайды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Янв 16, 2024

Петропавлда жаңа жылға дейін қоғамдық көліктердегі жолақы 15 теңгеге қымбаттайтын болды.

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Бұған дейін жолаушылар тасымалдайтын компаниялар жол жүру құнын 92 теңгеге дейін көтеруді сұраған болатын. Олардың дерегінше, қазіргі баға, яғни 50 теңге, шығынды толықтай жаппайды. Соңғы рет аймақта жолақы тарифі 2011 жылы көтерілген.

3 жыл ішінде жанармай мен қосалқы бөлшектер шамамен 50 пайызға өскенін айтады. Сондықтан қоғамдық көліктердің жолақысын көтеруге тура келді, дейді жергілікті билік өкілдері.

Қалалық мәслихаттың шешімі бойынша, ересектер үшін жолақы құны 65 теңге, ал балалар мен зейнеткерлерге 30 теңге болмақ.

"Осыған дейін бізге келіп түскен ұсыныстар дұрыс есептелмеген. Сондықтан әкімдік оларды қайта есептеп, мәслихат" жолақысын 65 теңгеге көтеру керек" деген шешім шығарды. Қазір бұл жобаны "Әділет" департаменті қарастырып жатыр. Олар қол қойғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаймыз. Жолақы құны жаңа жылға дейін көтеріледі", — дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Азат Бейсембин.

Новости Казахстана


Янв
1

Комментарии закрыты.