Екі өлімге куә болған боксшы Флойд Мэйуезер өз-өзіне келе алар емес


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 3, 2023

Флойд Мэйуэзермен FaceTime арқылы сөйлесіп отырған танымал боксшының досы алдымен құрбысын, сонан соң өзін атып өлтірген.

 
Бұл туралы Еurosport.ru сайты хабарлайды деп жазады 24.kz.

TMZ-нің хабарлауынша, жартылай орта салмақта WBA және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы өзінің досы әрі танымал рэп орындаушысы Эрл Хайеспен бейнеконференция арқылы әңгімелесіп отырған.

Жұбайын көзіне шөп салды деп айыптаған рэперді райынан қайтармақ болған былғары қолғап шеберінің әрекеті зая кетіпті. Себебі Хайес әйелі әрі кәсіби биші Стефани Мослиді тапаншамен атып, артынша өзіне қол жұмсаған.

Мұның бәрін өз көзімен көрген Мэйуэзер әліге дейін өз-өзіне келе алмай жатқан көрінеді.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.