Үкімет үшемдерге үй беруден бас тартты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 13, 2022

Ақшаның жоқтығын сылтауратқан Үкімет үшемдерге үй беруден бас тартты. Енді дүниеге үшем әкелген отбасыларға баспана бөлу бөлмеуді әкімдер шешетін болды.

Тіпті бұл талап «Тұрғын үй қатынастары жөніндегі» заң жобасына енгізілмек. Сәбилерге келгенде сараңдық танытқан Министрлер кабинеті осылайша пәтер мәселесін шешуді жергілікті әкімдіктерге ысырып отыр.

Осыдан бір ай бұрын сенатор Қуаныш Айтаханов дүниеге үшем әкелген отбасына кезексіз үй берілсін деп премьер-министрге сауал жолдаған.

Алайда, депутаттың сөзі сол айтылған мінберден арыға аса алған жоқ. Өйткені Үкіметте үшемдерге кезексіз пәтер бөлетін артық ақша жоқ екен.

Қаржы тапшы деп жалтарған елордалық шенеуніктердің айтуынша, үшемі бар жанұяларға әкімдер қарайласуы керек. Бір қызығы, әкімдердің тек жергілікті қазынада басы артық ақша қалған жағдайда ғана қолұшын беруге құқы бар.

"Бюджеттің жағдайы болмаса, берілмейді. Біз құқық береміз, алайда пәтер беру бермеуді әкімдер шамасына қарап анықтайды", — деді  Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.