Қазақстан Олимпиада комитеті гей-спортшылар туралы жаңашылдықтан бейхабар


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 24, 2022

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Олимпиада хартиясына сексуалдық ориентация белгісі бойынша кемсітушілікке қарсы жаңа бөлім енгізуді бірауыздан қолдап дауыс берді.

 

Осылайша, жаңа жарғыға сәйкес, гейлер мен лесбияндар Олимпиадаға қатысу құқығына ие болады. Осы мәселе бойынша пікір білдірген Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) мұндай жаңашылдық туралы естімегендерін, мүлде бейхабар екендерін мәлімдеп отыр.

ҰОК Халықаралық олимпиада комитеті қолдаған жаңашылдықтар туралы мүлде естімедік, жаңа жарғыны әлі оқымадық, сондықтан оның негізгі ережелері туралы бейхабармыз дегенді алға тартып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық олимпиада комитетінің мүшелері сексуалдық ориентациясына байланысты спортшыны кемсітуге қарсы екендерін әлемге жар салып, оны құжаттық негізде бекітті.

"Олимпиада хартиясында көрсетілген құқықтар мен бостандықты пайдалану адамның нәсіліне, терісінің түсіне, жынысына, сексуалдық ориентациясына, тіліне, дініне, саяси немес өзге де көзқарасына, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік немесе басқа да мәртебесіне қарамастан ешқандай кемсітушіліксіз қамтамасыз етілуі тиіс", — делінген жаңа құжатта.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.