Пәтерлері өртенген ақтаулықтарға ыстық тамақ пен уақытша баспана ұсынылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 31, 2022

Өрт салдарынан баспанасыз қалған ақтаулықтардың жағдайын Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев өз бақылауына алды.

Өңір басшысының тапсырмасымен өрт салдарын жою мақсатында арнайы штаб құрылды. Пәтерлері толық жанып кеткен азаматтарға ыстық тамақ пен уақытша баспана ұсынылды.

Айта кетейік, кеше кешкісін 25 пәтерлік көпқабатты үйде өрт шықты. Тілсіз жау жоғары қабаттан басталған. Тұрғындардың айтуынша дәнекерлеу жұмыстары өртке себеп болуы мүмкін.

Тағы бір болжам бойынша, тозығы жеткен электр желілері кінәлі. Мәселенің анығын өрт-техникалық сараптама анықтайтын болады. Алдын ала болжам бойынша өрт мың шаршы метр аумақты шарпыған. 40 адам жедел түрде қауіпсіз жерге көшірілді.

Ұйтқи соққан жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатқан. Қызыл жалын тек 2 сағаттан соң ауыздықталды. Оқиға туралы кезекші бөлімге аулада ойнап жүрген оқушы хабарлаған.

Өртті сөндіруге 16 арнайы техника жұмылдырылды.

"Өрт сөндірушілер кеш келіп, барлық команда келмейінше ештеңе істей алмай тұрып қалды. Олар жеткен кезде бесінші қабат пен мансардтық қабат толық жанып бітті. Далада қалдық, мен ешбір құжатсыз сыртқа жүгіріп шықтым", — дейді жапа шегуші Сара Грумова.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.