АҚШ-та хирург пациенттің сау бүйрегін алып тастады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 22, 2023

Калифорнияда хирург пациенттің сау бүйрегін алып тастады, ал онкологиялық ауруға ұшыраған ауру бүйрек орнында қалған, деп хабарлады Strana.com сайты. Фото: immunar.ru

Ауру адамға тағы бір ота жасауға тура келді, оның барысында қатерлі ісікке ұшыраған бүйрек те алынып тасталды, пациентке диализ белгіленді.

Енді оның донорлық бүйректен ғана үміті бар. Мұндай бейқамдығы үшін тәжірибелі хирург үш жылға медициналық лицензиясынан айырылды. Ол американдық хирургияда 41 жыл жұмыс жасаған болатын.

Сарапшылардың мәліметтеріне қарағанда, бұл қайғылы оқиға дәрігердің өзіне деген сенімінің нәтижесінде болған көрінеді, ол ауру органды ойша есінде сақтамақ болған.

Дәрігердің салақтығы 59 жастағы қатерлі ісікке шалдыққан ауру адаммен қатар клиникаға да қымбатқа түсті. Ота жасалған медициналық орталыққа 100 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды.

Хирург операция жасалтын күні пациенттің рентгендік зерттеулерін қолына да алмаған. Ол кеңседе хатшысында қалып қойған көрінеді.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.