Астанада 23 жастағы жігіт үш күннен бері іздестірілуде


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 6, 2022

Астанада 23 жастағы Рүстем Оспановты үш күннен бері іздестіруде. Жоғалып кеткен жігітті іздестіру жөніндегі ақпарат әлеуметтік желілерде таратылды.

 

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Рүстем Оспанов 5 желтоқсан күні үйінен шығып кеткен және осы кезге дейін оралған жоқ. Соңғы рет жас жігітті оның досы көрген.

Рүстем оны өзінің қара «Лада Приора» (032 DTA өңірі 01) машинасымен жеткізіп салып, әрі қарай белгісіз бағытқа кеткен. Содан бері ол жөнінде ешқандай хабар-ошар жоқ.

Рүстем арықша келген, көзі қара, бойы 175 см. Ол «ADIDAS», фирмасының ұзын күңгірт-көк түсті күртесін, спорттық шалбар мен кроссовка киген.

Туыстары оның мінезі жұмсақ, бірақ өзін-өзі қорғай алатын жігіт ретінде сипаттайды. Олар табылатынына сенімді.

Қазіргі кезде оны іздеуге полиция қызметкерлері мен туыстары ғана емес, бұл оқиғаға бей-жай қарамайтын әлеуметтік желілер пайдаланушылары да жұмылды.

Жоғалып кеткен Рүстем Омаров туралы қандай ақпарат болса да, астаналық ІІД-іне, немесе 87789688984; 87015829565; 87012498585 телефондарына хабарласу сұралады.

Еске сала кетейік, қарашаның соңында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкері Әмірбек Молдабеков те жоғалып кеткен болатын.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.