Ақтөбелік тұрғынды жолда дәрет сындырып тұрғаны үшін ұрып өлтірді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 13, 2023

Ақтөбелік жігіт көшеде дәрет сындырмақ болған тұрғынды ұрып өлтірді деп хабарлайды bnews.kz.

25 жастағы айыпталушы кешқұрым қонақтан үйіне қайтып келе жатады. Ащы судан аздап сілтеп алған ол көше бойында "шаптырып" тұрған тұрғынды кездестіреді. Оның бұл қылығына ашуланып, сөзге келіп қалады.

Арты жанжалға ұласып, айыпталушы сарайынан өткір затты алып шығады. Онымен 27 жастағы жігіттің мойын тұсынан ұрып құлатады.

Көше бойында дәрет сындырмақ болған тұрғын көп қан жоғалтып, сол жерде қайтыс болған.

"Осы оқиғаға байланысты 25 жастағы ақтөбеліктің үстінен адам өлтіргені үшін қылмыстық іс қозғалған. Ісі сотқа келіп түсті. Ол №2 қалалық сотта қаралатын болады", — дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.