Алматыда мүгедек баланы 3 қабаттан итеріп құлатты деп мұғалімдері айыпталды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 6, 2024

Алматыда Данияр Дүйсебай есімді жарымжан бала сатыдан құлап, денесінің сау тамтығы қалмаған. Ата-анасы бұған интернат басшылығын кінәлауда деп хабарлайды КТК арнасы. Айтуларынша, мүгедек баланы әлдебіреу 3-ші қабаттан итеріп құлатқан, ал басшылық сол болған жайтты жасырып отыр.

Қазір тұла бойында сынбаған сүйегі жоқ бала өлім мен өмір арасында жатыр.

Данияр Дүйсебайдың "Жанұя" атты мектеп-интернатта білім алғанына 6 жыл болған. Мүгедек бала үнемі осында. Тек, демалыс күндері үйіне қайтып отыратын. Бірақ өткен сәрсенбі күні кешкісін 13 жасар жарымжан ұл сатыдан құлап кетіпті. Бірақ Даниярдың әкесі мектеп қызметкерлерінің бұл айтқандарына мүлде сенбей отыр. Яки, бала сатыдан емес, оны әлдебіреу балконнан итеріп құлатқан.

"Анау үшінші қабаттан балконнан құлаған. Мына жерге құлап түсіп, қан аққан. Тәрбиелеушілер көмек көрсетудің орнына мына жердегі қанды жуып, қылмысты жасырған. Сосын директор ешкімге айтпаңдар айтқан адам жұмыстан кетеді деп айтқан", — дейді Даниярдың әкесі Ақып Дүйсебаев.

Әрі баланың әкесі "мектеп қызметкерлері жедел жәрдемді тек бір сағат өткеннен кейін ғана шақыртты" дейді. Ал, білім ордасының басшысы болса, тергеу жұмыстары аяқталмайынша түсінік беруден бас тартып отыр. Десе де,бала  балконнан емес, өзі сатыдан құлағанына сенімді.

Ал, жоғарыдан құлап ауыр жараланған Данияр Дүйсебай қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінде сау тамтық жоқ. Дәрігерлер оның ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенін айтады.

Алматы қалалық балаларға шұғыл көмек көрсету ауруханасының дәрігері Бақыт Қожаханов: "Бас сүйегі мен ми жарақатын алған. Тістері түсіп, аузынан қан ағыпты. Жағы сынған. Сол жақ қолы сынған. Ота сәтті жасалды. Қазір баланың жағдайы қалыпты", — дейді.

Толықтай сауығып шығуы үшін Данияр әлі кемі бір ай ауруханада болуы керек. Анасы да қазір жанын шүберекке түйіп отыр. Себебі, онсыз да ақыл-есі кем баланың ертеңгі күніне алаңдаулы.

Осылайша, Даниярдың ата-анасы ұлдарының сатыдан құлағанына сенбейді. Ақыл есі кем кенжемізді әлдебіреу балконнан құлатты деген олар кінәлілердің заң алдында жауап бергенін қалайды. Қазір Даниярдың тәрбиешісі уақытша қызметінен шеттетіліпті. Ал, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.