Қызылорда облысында «Нива» көлігі суға батып кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 2, 2022

Қызылорда облысындағы Көксу арнасының бойында мұз опырылып, Нива көлігі суға кетті. Оның ішінде болған жүргізуші мен үш жолаушы өздігінен әрекет етіп, жағаға жеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар оларға көмек көрсетті. Ал көлікті жағаға арнайы жабдықтармен алып шыққан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

"Көксу арнасынан өтпек болған «Нива» автокөлігін мұз көтермей, суға түсіп кеткен. Оқиға орнына 1 бірлік автокөлік техника мен 6 құтқарушы жетті. Төрт адам өздері шығып үлгерген. Мұзды арнайы құралдармен ойып, сүңгуір жабдықтарын пайдалану арқылы автокөлік сүйреп шығарылды", — дейді  «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» басшысының орынбасары  Самғат Бүркітбаев.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.