Көкшетау тұрғыны 200 мың теңгеге күйеуін өлтіртпек болған


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 27, 2023

Ақмола облысында күйеуін киллер жалдап, өлтірмек болған әйел тұтқындалды деп хабарлайды Көкшетау жаңалықтары.

Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, 1959 жылы туған азаматша өзінің 59 жастағы күйеуін өлтіруге тапсырыс бермек болып, тапсырманы орындайтын адам іздей бастайды.

5 желтоқсан күні ұйымдасқан қылмысқа қарсы қызмет өкілдері күйеуіне қастандық ойлаған әйелді ұстап, уақытша тергеу изоляторына қамаған.

Полицияның хабарлауы бойынша, күдіктінің іс әрекетін бақылаған арнайы жедел іздестіру тобы әйелмен тапсырманы орындаушы "киллер" ретінде байланысқа шығады.

Әйел күйеуін өлтірген адамға 200 000 теңге беретінін айтып, киллерден қайтыс болған күйеуінің суретін әкелуді міндеттеген. Осылайша, ол тапсырманың орындалуын қадағаламақ болған екен.

Күдікті азаматша тапсырысты орындаушыға ақша бермек болған жерінен ұсталды. Бүгінде "Тапсырыс беріп өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.