Көкшетауда бойжеткенді 16 сағат бойына қамауда ұстаған қылмыскер табылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 1, 2024

Көкшетауда 22 жастағы қыз өзін 16 сағат бойы күштеп ұстаған жас жігіттің үстінен полицияға арыз жазды деп хабарлайды bnews.kz.

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнара Пинчук мәлім еткендей, 1992 жылы туған бойжеткен полицияға жүгініп, 24 жастағы Көкшетау тұрғынына қатысты шара қолдануды өтінген.

Қыздың айтуынша, жас жігіт оны түнгі сағат 01:00-ден күндізгі 17:00-ге дейін күштеп ұстаған, сондай-ақ қызға дене жарақатын салған.

«Адамды заңсыз бас бостандығынан айырған күдікті ұсталды, тексеріс жүріп жатыр», — деп мәлімдеді  Пинчук.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.