Алғашқы бэтмобиль $137 мыңға сатылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 30, 2023

Американың Даллас қаласында өткен Heritage Auctions бәссаудасында телехикая кейпікері Бэтменнің ресми лицензия алған автокөліктерінің ең алғашқысы 137 мың долларға сатылды, деп хабарлайды Reuters.

Бірегей автокөлікті 1963 жылы Форрест Робинсон құрастырған еді. Американдық супербатырдың жанкүйері 1956 жылы шыққан Oldsmobile 88 автокөлігін бэтмобильге айналдыру үшін үш жыл уақытын сарп еткен. Ол өз туындысын жасауда 1940-50 жылдардағы комикстерді басшылыққа алған.

Робинсонның көлігі автодизайнер Джордж Баррис 1968 жылға дейін көрсетілген «Бэтмен» телехикаясы үшін бэтмобиль құрастырғанға дейін бірнеше жыл бұрын құрастырылды.

Телехикая аса танымалдылыққа ие болған соң Бэтман образының лицензиясына ие DC Comics Робинсонның көлігін жалдап, туристік мақсаттарда пайдаланған. Арада бірнеше жыл өткен соң телехикаяда пайдаланылған көліктердің алғашқы көшірмелері құрастырылғанда, Робинсон өз көлігін қайтарып алып, сатып жіберген.

Оның тот басып қалған конструкциясы 2008 жылы Нью-Гемпшир штатында табылды. Бірнеше адамның қолынан өткен соң оны 2013 жылдың ақпан айында Toy Car Exchange интернет-сервисі сатып алып, сатылымға қойды.

Бэтмобильді алғашқы қалпына келтірумен Borbon Fabrications компаниясы айналысты. 2013 жылдың қаңтар айында даңқты телехикая үшін жасалған алты бэтмобильдің алғашқысы 4,6 миллион долларға — рекордтық сомаға сатылды.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.