Ресейлік «Песня года» байқауында Еркеш Шәкеевтің әні лауреат атанды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Ноя 6, 2022

«Нелюбимая», «Донна Осень», «Стоп-ночь», «Девочка в платьице белом» сияқты танымал әндердің авторы, атақты қазақстандық композитор Еркеш Шәкеев Ресейлік «Жыл әні» ән байқауының лауреаты атанды.

Бұл туралы baistars.kz хабарлайды.

Байқау 6 желтоқсан күні Мәскеу қаласында «Олимпиский» спорт кешенінде өтті. Лауреат дипломын Еркеш Шакеев «A-Студио» тобының орындауындағы «Душа» атты әнінің әні мен сөзі үшін алды.

Айта кету керек, Еркеш Шәкеев осыған дейін бірнеше рет Ресейде өткен ән байқаулардың лауреаты болған.

1995 жылы «А-Студио» тобының орындауындағы «Нелюбимая» әні, 2006 жылы Лайма Вайкуленің орындауындағы «Мартовский вечер» әні үшін ресейлік телефестивалінің лауреаты атанған.

2010 жылы «Жыл әні» байқауында «А-Студио» тобының «Fashion girl» , 2013 жылы Ани Лорактың орындауындағы «Зажигай сердце» әнімен лауреат атағын иеленді.

Новости Казахстана


Ноя
11

Комментарии закрыты.