Алматыда түскен қардың қалыңдығы 13 cантиметрге жетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 13, 2022

Алматыда түскен қардың қалыңдығы 13 сантиметр, ал таулы аудандарда — 27 сантиметр болды, деп хабарлайды Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан.

«Қалада қар 7 желтоқсан күні сағат 06:00-де жауа бастады. Коммуналдық қызметтер қаланың көшелері мен жаяулар жүретін жолдарына құм-хлоридті қоспа себу жұмыстарын жүргізуде», — делінеді хабарламада.

Қар жинау жұмыстарына арнайы техниканың 417 бірлігі жұмылдырылған, соның 149 бірлігі — құм шашатын техника. Жол жұмысшыларының саны — 837 адам.

Қала бойынша пайдаланылған қоспаның көлемі шамамен 5200 тоннаны құрады. Қаладан 1360 шаршы метр аумақтағы қар шығарылды. Құм шашу, жиналған қарды шығару және жаяужолдарды тазалау жұмыстары жалғастырылуда.

Синоптиктердің болжамынша, 7 желтоқсан күні жауын-шашын жауып, ауаның температурасы күндіз -5 -7 градус суықты, ал түнде 10 градус суықтықты көрсетеді.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.