Атырауда 33 жастағы жігіт 3 жасар баласымен жол апатынан көз жұмды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 1, 2022

Атырауда 3 жасар баласымен 33 жастағы ер адам жол апатынан көз жұмды. «Оқиға Атырау-Орал тас жолында Индер ауданының Томарлы ауылының маңында орын алған.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Атыраулық «Дэу-Матиз» көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен, оның бұл әрекетінің себептері қазір анықталуда.

Салдарынан өзіне қарама-қарсы келе жатқан «ПАЗ» автобусымен соқтығысқан. Жеңіл автокөлікте болған жолаушы мен сәби оқиға орнында бірден көз жұмды, ал оның жарақаттанған жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Автобустағы жолаушылар мен жүргізуші зардап шеккен жоқ.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.