Қарағанды облысында ұрылар қолды қылған 4 млн теңгемен ен далада адасып қалды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 13, 2022

Қарағандыда қожайындарын тонап, қашып кетпек болған ұрылар ұсталды. Оңай олжаға кенелмек болғандар, Ұлытау ауданының Байқоңыр ауылдық округі қыстағындағы жеке шаруашылықтың жұмысшылары болып шықты.

Олар қожайынының үйіндегі сейфтен 4 миллион теңге, 1 жарым мың АҚШ доллары мен алтын әшекей бұйымдарды қолды еткен. Ұлытау аудандық ІІБ-ының дерегіне сай шаруа қожалығының жұмыскерлері: әйел мен ер адам бағалы сейфтің барын бұрыннан білген.

Сондықтан, қожайындарының жоқтығын пайдаланып, үйдің есігін бұзып кіріпті. Құлыпта тұрған сандықтан, онда бар заттың бәрін алады. Сөйтіп, ен далаға қарай қашамыз деп жүріп, адасып кеткен.

Тәртіп сақшылары оларды адасып жүрген жерінен тауып, тұтқындады. Дер кезінде қолға түспегенде, ұрылардың жапан далада үсіп өлуі мүмкін еді дейді полицейлер.

Қазіргі таңда, сұғанақтар уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған.

"Шаруа қожалығының иесі үйінің ішіндегі сейфтен 4 млн теңге, 1500 АҚШ доллары мен зергерлік бұйымдар ұрланғанын хабарлаған. Қазір ұсталғандарға қатысты Қылмыстық Кодекстің 175-бабы 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде", — деді  Қарағанды облысы Ұлытау ауданы ІІб-нің тергеушісі Әділхан Ержанов.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.