Қарағандыда балабақшада уланған балалар жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 12, 2023

Қарағандыда балабақшада алты бала уланып ауруханаға түсті. Бүлдіршіндердің жаппай улануын ата-аналар астан көреді. Бірақ, медбикесі де жоқ жеке меншік балабақшаның басшылығы бізде еш кінә жоқ деп отыр.  

Тілшілермен телефон арқылы ғана тілдескен ата-аналар балаларының улануына бірауыздан балабақшаны кінәлайды. Айтуларынша, жетілдіру орталығынан үйлеріне келген бүлдіршіндердің қызуы көтеріліп, артынша құса бастаған. Ақыры ауруханаға түскен алты бүлдіршіннің екеуі жансақтау бөліміне жатқызылыпты.

Ал екі күнде бір жекеменшік балабақшадан алты баланың түскенін дәрігерлер жасырмайды. Айтуларынша, алғашында науқастардың жағдайы орташа деңгейде болған. Алтаудың үшеуі бір диагнозбен түскенін мәлімдеген ақ халаттылар, беті бері қарағандарын үйлеріне қайтарыпты.

Қарағанды облыстық инфекциялық аурухананың дәрігер ординаторы Айгүл Қожамжарова: "00.30, жиырма алтыншы қарашадан бастап жедел ішек аурулары диагнозымен түсті. Үш балада ішек таяқшасы білінді үш балада теріс нәтиже білінді. Бүгінгі күні олардың барлығы үйлеріне жағдайларының жақсаруымен жіберілді", — дейді.

Ал балабақшаның дәлізін ғана түсіруге рұқсат берген басшылық тәрбиеленушілердің жаппай уланғанын жоққа шығарады. Келген тауарларды арнайы тексерістен өткіземіз деп ағынан жарылған директор істің мән-жайы сараптама қорытындысына қарай белгілі болады дейді.

"Қазір біз сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Балабақшамыздың барлық бүлдіршіндері мен тәрбиелеушілерінен қан алынды. Бірақ ешқандай улану болған жоқ деп нақты айта аламын. Балалардың біреуінде жұқпалы іш ауруы болуы мүмкін", — деді "Хогвардс" балаларды жетілдіру орталығының директоры Дария Рендак.

2006 жылдан бастап жеке меншік балабақшаның атағын алған жетілдіру орталығының асханасы полиция қызметкері келген соң өз жұмысын тоқтатқан. Уланудың себебін анықтау үшін диагнозы бірдей балалардан да қан алынып, сараптамаға жіберіліпті. Ал бүлдіршіндерді төрт мезгіл тамақтандыратын балабақшаның үстінен ата-аналар жаппай арыз жазыпты.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.