Алматыда әжей 10-нан аса ағашты ешбір себепсіз отап тастады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 8, 2023

Алматының "Таугүл" ықшам ауданында тура бір ай бұрын Светлана есімді тұрғын 10-нан аса ағашты өз қолмен отап тастаған. Зейнет жасындағы әжей, бұл қылығына қандай да жауап беруден бас тартты деп хабарлайды Алматы телеарнасы.Фото: www.yaplakal.com

Ал жасыл желекке жарымай қалған көршілері жазда жеміссіз қалатын болдық деп зар илеуде.

"Әрбір ағаш біз үшін ауадай қажет. Бұл жерде өрік, қара өрік, шие, бөртегүл ағаштары болатын", — дейді Алматы қаласының тұрғыны Ирина Хаджалия.

Кезінде көшеттерді өздері отырғызған тұрғындар, енді табиғат жанашырларының көмегін күтумен болмақ. Азаматшаның айыпты екені дәлелденсе, жүзге жуық көшет отырғызуға міндеттеледі.

"Бұл жағдайға байланысты Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасына кеше ғана арыз келіп түсті. Қазіргі таңда Әуезов ауданының Табиғатты қорғау полициясы тексеріс жүргізуде", — деді Алматы қ. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің басшысы Алмат Әмірешов.

Айта кетейік, биыл қала келбеті 25 мың жаңа көшетпен көркейді. Ал жаңа жылға дейін, тағы да 3 мыңнан астам ағаш егілмек. Бүгінде алып шаһарда бас-аяғы бір жарым миллионға жуық жасыл желек бар.

Қалада жыл басынан бері 53 жасыл желек заңсыз оталған. Оның ішінде жеміс беретін ағаштар да бар.

Жыл басынан бері мамандар 1300-ден астам азаматқа жасыл желектің көзін жоюға рұқсат берген. Ал ешқандай ережені елемей сау талды кескен 50-ден астам қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.