Экономист Қазақстан үшін ең қолайлы бензин бағасын атады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 22, 2022

Қазақстандық экономист Ғалым Хусаинов бүгінгі таңдағы бензиннің ең қолайлы бағасын атады. Оған қоса осыған дейін аталып өткен баға, яғни 370 теңге турасында пікірін білдірді.

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Бұған дейін сенатор Ляззат Қиынов еліміздегі бензиннің бағасы өсуі мүмкін деген болжам жасаған еді.

"Бензиннің бағасы Еуропадағыдай болуы үшін, онда мұнайды Еуропадан алу керек. Бізде бензин сонша тұруы мүмкін емес. Себебі мұнай тасымалдау және салықты алып тастау қажет", — деді Ғалым Хусаинов.

Сонымен қатар Хусаиновтың айтуынша, атақты бензин маркісінің (АИ-92) бүгінгі бағасынан 11 теңгені алып тастауға болады дейді. Бірақ ол үшін бір баррель құны шамамен 70 доллар тұруы шарт.

Қазір Brent маркілі мұнай 68, ал WTI – 64 доллар тұрады.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.