Дархан Қалетаев «Астана» велокомандасының лицензиясы ұзаратынын айтты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Янв 15, 2023

«Астана» велокомандасының 2015 жылғы лицензиясы ұзартылмайтын болды» деген ақпаратты Қазақстан велоспорты федерациясының вице-президенті Дархан Қалетаев жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», — деді Қалетаев astanafans.com сайтына берген сұхбатында.

«Мен жаңа ғана Халықаралық велошабандоздар одағының (UCI) штаб-пәтері орналасқан Лондон қаласынан ұшып келдім. 2015 жылы біздің команданың Pro категориясына жолдама алатынына еш күмәніміз жоқ. Қазір ол жерде «Астана» клубының бас менеджері Александр Винакуров 10 желтоқсанда берілетін ресми құжатты күтуде», — деді ол.

Еске сала кетейік, БАҚ беттерінде UCI ұйымы «Астана» командасы үшін (Pro) Әлемдік додаға қатысуға мүмкіндік беретін лицензияны допинг дауына қатысты ұзартпайтындығы туралы жазылған.

Новости Казахстана


Янв
1

Комментарии закрыты.