Алматыда бір тәулікте 97 жол апаты болды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 11, 2022

Алматыда ауа райының қолайсыздығынан өткен тәулікте 97 жол апаты тіркелді.
Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек мәлімдеді деп, хабарлайды Қазақпарат. "Кешеден бері оңтүстік астанада қалың қар жауып, көктайғақ болды. Осы уақыт аралығында 97 жол апаты орын алған. 16 адам жапа шекті, қаза болғандар жоқ. Қалыпты жағдайда күніне 30-40 жол апаты орын алатынын айта кету керек", — дейді Салтанат Әзірбек.

ІІД өкілі қалалық жүргізушілерге қысқы қауіпсіздік шараларын сақтауға, атап айтқанда, дер кезінде жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстыруға, жылдамдықты арттырмауға кеңес берді.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.