Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына қатысады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 19, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысады. Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мюнхен қауіпсіздік конференциясына (6-8 ақпан) қатысамын. Күн тәртібінде – Украина, Таяу Шығыс», — деп жазды Сенат спикері өзінің Twitter-дегі аккаунтында.

Естеріңізге салып өтсек, 6 ақпан күні Мюнхенде қауіпсіздік жөніндегі үш күндік 51-ші конференция басталады.

Конференцияға БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан, Amnesty International бас хатшысы Салил Шетти, Human Rights Watch директоры Кеннет Рот, сондай-ақ 20-ға жуық мемлекет пен үкімет басшылары, 60-қа жуық сыртқы істер мен қорғаныс министрі, 30 ірі халықаралық компанияның басшылары қатысады.

Мюнхен қауіпсіздік конференциясы 1962 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.