Қарағандыда 4 жаңа зауыт бой көтермек


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 20, 2024

Қарағандыда осы жылы құрылыстары басталатын зауыттарды қосқанда арнайы экономикалық аймақта барлығы 7 зауыт болады деп мәлімдеді, "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы компаниялар басқармасының төрағасы Ардақ Құсайынов.

Өткен жылы 1 жобаның құрылысы басталып кеткен, бүгінде аяқталу үстінде. Ал инвестицияның құны 38 млрд теңгені құрап отыр.

Облыс үшін бұл кәсіпорындардың берер үлесі зор, шетелдік инвестициялар аймағымыздың экономикасын жақсартады. Қарағанды облысында 4 жаңа зауыт бой көтереді.

Сарыарқа арнайы экономикалық аймағында орналасатын 2 зауыт металлургиялық және әскери оқ-дәрі шығаратын болады. Тағы 2 зауыт шетелдік инвесторлардың көмегімен салынбақ.

Ресей мен Австрия инвесторлары аймақта отқа төзімді бұйымдар мен ақ тастар өндіретін кәсіпорын ашады. Аталған жаңа 4 жоба 700-ге жуық жұмыс орнын ашады.

Қазіргі уақытта арнайы экономикалық аймақта 2 зауыт жұмыс істеуде. Ол жылу оқшаулайтын құбырлар зауыты мен темір арқауын өндіретін кәсіпорындар.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.