Полицейлер күдіктілерді ұстау кезінде «Миранда ережесін» оқи бастады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 13, 2022

Еліміздің полицейлері әйгілі "Миранда ережесін" қолдана бастады. 1-ші қаңтардан күшіне енген жаңа қылмыстық кодекске сай, тәртіп сақшылары күдіктінің қолына кісен салмас бұрын оның конституциялық құқығын оқып беруге міндетті деп, хабарлайды КТК арнасы.

Егер ұмытып кетсе, тұтқындау заңсыз деп танылып Ішкі Істер қызметкерінің өзі жауапқа тартылады. 

"Миранда ережесін" біздің полицейлер осыған дейін тек Голливуд киноларынан көрген. Енді оны өздері жатқа соғып жүр. 1-ші қаңтардан бастап заңмен бекітілген жаңа талапты қарамағындағыларға басшылары күнде түсіндіреді.

Сіздің үнсіздік танытуыңызға құқығыңыз бар. Адвокатқа жүгінуге қақыңыз бар. Осы жерде айтылған нәрсе ертең сотта сіздерге қарсы қолданылады. Түсіндіңіздер ме? Негізі бұл ширек ғасыр бұрын АҚШ-та заңдастырылған тәртіп. Осы конституциялық құқығын оқып бермегені үшін қандықол қылмыскер Эрнесто Миранда ауыр жазадан құтылып кете жаздаған.

Бұдан-былай еліміздің тәртіп сақшылары да күдіктіге "Миранда ережесін" оқуды ұмытып кетсе, тұтқындау заңсыз деп саналады. Тіпті полицейдің өзі жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

"Егер ұсталған адам қазақша не орысша түсінбейтін болса, онда оған аудармашы арқылы түсіндіріледі. Не қорғаушының қатысуымен сезікті ретінде жауап алудың алдында түсіндіріледі. Және осы жайлы хаттамаға енгізіліп, көрсетіледі", — дейді Астана қалалық ІІД тергеушісі Ибрагим Әлкенов.

Сондықтан полицейлер ережені қысқа да нұсқа, әрі түсінікті етіп жеткізу үшін барын салуда. Яғни, адам өлтірген қаскөйге , ұры мен ұсақ бұзақылық жасағандардың бәріне заңды құқықтарын оқып беру міндет. Яғни күдіктіні ұстау кезінде, адвокатсыз сөйлемеуге, түсініктеме бермеуге, әйтпесе, айтқандары сотта өзіне қарсы қолданылатынын ескертуі қажет. Сондай-ақ, сезіктінің туыстарының біріне телефон соға алатынын айтуы керек.

АҚШ-тан араға ширек ғасыр салып барып көшірілген бұл талапты депутаттар да қолдап отыр.

"Әр азамат өзінің құқығын білмейді. Білсе де толық ақпарат жоқ. Сондықтан Ішкі Істер министрлігінің қызметкері оның міндетін айтқан маңызды", — дейді мәжіліс депутаты Талғат Ерғалиев.

"Миранда ережесінің" қолданыла бастағанына бір айдан асты. Оны тәртіп сақшылары ұмытып кетсе, істі болғандар қолына кісен салынбас бұрын сол ереженің оқылуын талап етуге толық құқы бар.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.