Ақтауда аштық жариялаған жетімдер жалақысы аз жұмыстан әлі бас тартуда


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 1, 2024

Ақтауда аштық жариялаған балалар үйі түлектерінің әрекеті заңсыз деп танылды. Алайда олар ешқандай жазаға тартылмайды деп хабарлайды КТК арнасы.

Жергілікті биліктен жұмысқа тұрғызуды талап еткен 12 жетім 2 күннен бері аш отыр. Бүгін екеуі әлсіреп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер қауіпті ештеңе жоқ деп, үйлеріне қайтарған.

Кешеден бері балалар үйінің түлектеріне бірнеше жұмыс орны ұсынылды. Алайда, олар бәрінен бас тартып, наразылықты жалғастыруда. Көбіне мұнай компанияларынан жоғары жалақы төленетін жұмыс керек екен. Десе де, әзірге ондай орын жоқ дейді шенеуніктер.

Енді оларға жоғары жалақы төлеу үшін бюджеттен ақша қаралмақ.

"Әлде де түсінік жұмыстарын жүргіземіз. Қазіргі әкімдік белгілеген қосымша жұмыс орындарына қарастырып, әрбіріне жеке-жке жалақы беру мәселесін қарастырып жатыр. Бюджетті қарау керек ол үшін", — дейді Маңғыстау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлмира Қалмұратова.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.