Парижде атыс-шабыстан тұратын кино түсіруге тыйым салынды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 24, 2023

Франциядағы бірқатар террорлық актілерден кейін Париж басшылығы қалада қарулы қақтығыстары бары бар фильмдер түсіруге тыйым салды.

Қала басшылығының мұндай қадамға бару себебін полиция өкілі Сильви Барно түсіндіріп берді.

Оның айтуынша, ондай фильмдерде актерлер арнайы қызмет адамдарының, полицияның киімдерін киіп жүретіндіктен лаңкестердің назарына түсіп, мәселені ушықтырып жіберуі мүмкін.

Полиция өкілі актерлер қала тұрғындарын да шошытып алулары ғажап емес екенін жеткізді.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.