Елдегі мұнай компаниялары бюджетін қысқартуға мәжбүр


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 19, 2023

Қазақстан экономикасы жаһандық дағдарысқа ұшырады. Соның салдарынан мұнай бағасы төмендеп, компаниялардың бюджеті қысқаруда. Бұл туралы Ақтауда өткен форумда Энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Школьник "Экономиканың әр саласындағы және Қазақстан Республикасының әр аймағындағы субъектілер арасындағы өзара кешенді әрекеттестікті дамыту үшін бүгіннен бастап бірыңғай ықпалдыстық жолында жұмыс жүргізу маңыздылығын", — атап өтті.

Сонымен қатар, Энергетика министрі форумға қатысушыларға 2014 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ саласындағы жер қойнауын пайдаланушылармен жалпы құны 3 триллион теңгеден астам тауарлар, жұмыстар мен қызмет түрлері сатып алынғаны, оның ішінде қазақстандық қамту көлемінің 54% құрағанын жеткізді.

Сондай-ақ, 300 миллиард теңгеден астам қаржыны құрайтын отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған меморандумдарға қол қойылды.

Өткен жылдың соңында үкімет президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауына сәйкес, орта мерзімде экономиканы дамытудағы басты құрал болатын 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған "Нұрлы жол" атты инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның әзірленгенін хабарлады.

"Нұрлы жол" экономиканы және әлеуметтік саланы бұдан әрі дамытуға түрткі болады.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.