Ақтөбе облысында көршілер екі баланы өрттен аман алып қалды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 6, 2024

Мәртөк ауданы Хазретовка ауылында ересектердің қарауынсыз екі кішкентай бала қалған үйде пеш жанындағы линолеум өртенген. Ата-анасы бұл кезде жұмыста болған, деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Көк түтінді көрген, көмекке шақырған балалардың айқайын естіген көршілер жәрдемдесуге ұмтылған. Олар терезені сындырып, үйден балаларды алып шығып, қызыл жалынды ауыздықтады.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі оларды Ақтөбедегі балалар ауруханасына жеткізді. Мұнда оларға тиісті көмек көрсетілді.

"Көршілердің жедел әрекетінің арқасында құтқарушылардың қызметіне жүгіну қажет болмады. Қазіргі уақытта 6 жасар Катя мен 10 айлық Ильяның жағдайы жаман емес", — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Балалардың аман қалуына сеп болған батыл көршілер — Самат Аманжолов пен Балтабай Орынбетов екен.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.