Оралда жеңіл көлік пойызбен соқтығысып, екі адам зардап шекті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 27, 2022

Оралда "ВАЗ-2114" көлігі жүк пойызына соқты; екі адам зардап шекті, деп хабарлады ҚазТАГ.  

"Пойыз төмен жылдамдықпен жүріп келе жатқан, шлагбаум жабылып жатқан, бірақ "Жигули" көлігінің жүргізушісі үлгерем деп ойлаған болу керек, жолдан өтіп кетпекші болған. Сол сәтте пойыз оны жанына лақтырып жіберген", — деді №1292 теміржол торабындағы кезекші Серік Тналиев.

Оқиға 5 ақпанда сағат таңғы 5-тер шамасында орын алған. Нәтижесінде 30 жасар жүргізуші мен 27 жасар жолаушысы зардап шеккен.

"Зардап шеккендердің екеуі де облыстық ауруханаға жеткізілді. Оларда жабық түрдегі бас-ми жарақаты орын алған, қабырға сүйектері сынған, басының тері асты қанды ісіктері анықталған", — деді қалалық жедел медициналық көмек көрсету станциясынан.

Сондай-ақ, жүргізуші масаң күйде болған. Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс жасауда, тораптағы жол қозғалысы қалпына келтірілген.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.