Түркия ресейлік туристер үшін жол шығындарының жартысын төлеп беруге әзір


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 12, 2024

Ресей рублі күрт төмендеп кеткенннен кейін туристік жолдамалардың бағасы көтерілді. Соның салдарынан Түркия баратын туристердің саны азайды.

 
Енді, осы елде жиі дем алатын ресейлік азаматтарды ұстап қалу үшін түрік билігі жол шығындарының жартысын төлеп беруге әзір, деп хабарлайды "Алаш айнасы" порталы Вести.ru сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылғы зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, 2014 жылдың шілде айымен салыстырғанда, тамыз айында Ресейден Түркияға барып, дем алған туристердің саны 6 пайызға азайды. Осыдан кейін түрік билігі дағдарысқа қарсы шараларды қолға алып, ресейлік туристерді барынша ұстап қалу мәселесін қолға алды.

Күні кеше Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Ресей мен Түркия арасында қатынайтын әрбір рейске 6000 АҚШ доллар бөлінеді деп мәлімдеді. Бұл туралы Түркия Республикасының мәдениет және туризм министрлігінің ақпарат жөніндегі бас директоры Ирфан Онал хабарлады.

Оның айтуынша, ол ақша рейстің өзіне немесе әрбір ұшақ жолаушысының санына қарай есептеліп, бөлінуі мүмкін. Жалпы, аталған сомма рейс бағасының 50 пайызын құрап отыр.

Айта кеткен жөн, бұған дейін ресейлік туристерді ұстап қалу үшін Мысыр елі де тиісті шараларды қолға алатынын мәлімдеген. Ол жерде Ресей азаматтары үшін визаны алып тастап, туризм саласында рубьлмен есептесуге әзір.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.