Вице-премьер: Ірі компаниялар жұмыс орындарын қысқартпауы тиіс


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 9, 2022

Әлемдік экономикада қалыптасқан қиын ахуал біздегі әлеуметтік салаға әсер етпеуі тиіс. Елбасы жолдауында айтылған бұл сөздерді үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ақтөбелік кәсіпкерлердің тағы да есіне салды.

 
Бұл тұрғыда ірі компаниялардың орны ерекше. Ел экономикасының локомотивіне айналған мекемелер бірінші кезекте жұмыс орындарын қысқартпай, жергілікті өнімдерге басымдық беруі тиіс.

Осы ретте бірінші вице-премьер бизнес өкілдерінің бірқатары әлі де болса шетелдік өнімді тұтынуға құштар екенін айтты. Солардың бірі — "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы. Шымкентте синтетикалық май шығаратын зауыт жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, аталмыш компания жағармайды шет елден тасып жүр.

"Елімізде синтетикалық май шығаратын жалғыз зауыт өкілдері сіздерге тауар өткізе алмадық дейді. Бұлай болғанда, индустриалық инновациялық бағдарламаны қалай жүзеге асырамыз? Біздің кәсіпкерлер ірі компаниялармен келісімшартқа қол жеткізе алмай, тауы шағылса, одан әрі жұмыс істеуден бас тартады. "Қазақстандық және жергілікті қамтуды дамыту маңызды. Сонда ғана қаржылай қиындықтың дауылына төтеп беруге мүмкіндік болады", — деді Сағынтаев.

Ал жұмыс орындарын қысқартпау мақсатында жергілікті атқарушы билік бірқатар ірі кәсіпорындармен меморандумға қол қойды. Келісімшарт қазақстандық құрамды көбейте отырып, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

"Бізде қазір 6 400 адам жұмыс істейді. Ойымызша, қазір енді қысқарту жағынан да, айлық жөнінде де ұжымдық шарттар бар. Соған байланысты бүкіл әлеуметтік жауапкершілік сақталады. Жұмыс орындардың барлығы сақталады", — дейді  "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ бас директорының бірінші орынбасары Тақталифум Есенғұлов.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.