Қазақстанның хоккейші қыздары Канададан ірі есеппен ұтылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 27, 2023

Испанияның Гранада қаласындағы қысқы Универсиада ойындарында өнер көрсетіп жатқан хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы матчта ірі есеппен ұтылды.

Алғашқы ойынды қазақстандық хоккейшілер Канада құрамасына қарсы өткізді. Кездесуде 7:1 (3:0, 1:0, 3:1) есебімен қарсыластар командасы жеңіске жетті. Қазақстан сапынан жалғыз голды Меруерт Рысбек салды.

Келесі матчты хоккейші қыздарымыз 7 ақпан күні ресейліктерге қарсы өткізеді. Естеріңізге саламыз, хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы қысқы Универсиаданы сәтті бастады.

Алғашқы ойында хоккейшілеріміз Жапония командасынан 3:2 есебімен басым түсті.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.