Алматыдан 386 шақырымда араға 7 минут салып екі рет жер сілкінді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Янв 12, 2024

Алматыдан 386 және 397 шақырымда Қытай аумағында аралары 7 минут уақытта екі жер сілкінісі болды.

Сейсмологтардың мәліметінше, 4,8 магнитудалық бірінші жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 04:58-де орын алған

«Бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 397 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан»,-делінген хабарламада.

4,4 магнитудалық екінші жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 05:05-те болды.

«Таңғы сағат 05:05 кезіндегі зілзала ошағы да Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 386 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болды», — деп атап көрсетілген хабарламада.

Новости Казахстана


Янв
1

Комментарии закрыты.