Шымкентте күңдікке салынған әйелдің 1 жасар қызы да соққыға жығылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Янв 14, 2024

Қайыр сұрап, күңдікке салынған әйелдің 1 жасар қызы да соққыға жығылды деген күдік бар деп хабарлайды 7 арна.

Кеше  құлдықтың қамытын киген Шахнозаның балаларын әлдебір келіншектің кезекпен кепілге алып, базарда алақан жаюға мәжбүрлегені туралы хабарлаған  болатынбыз. Онымен бірге тұратын келіншек 6 жасар баласын соққыға жығып, денсаулығына зиян келтірді деп шағым айтқан-ды.

Ал бүгін бұл жәбірленушінің 1 жасар қызына да дене жарақатын салған деген күдік пайда болды. Қоғамдық ұйым өкілдері мен тәртіп сақшылары нәрестені ұстап отырған әйелдің қолынан алып кетті. Сәбидің денесінде жарақаттар болғандықтан оны да ауруханаға жатқызды.

"Біз сәбиді қолымызға алған кезде, оның сырқаттанып тұрғаны белгілі болды. Басын тік ұстай алмай, есінен танып қалғандай күйде болды. Бұдан бөлек, бірнеше жарақат белгілері анықталды. Біз әзірге бұған не себеп болғанын хабарсызбыз", — дейді  "Сана Сезім" әйелдер бастамалары құқықтық орталығының өкілі Шахло Юсупжанова. 

Қазір күңдікке салынған әйелді қайыр сұратуға мәжбүрлеп, оның бар тапқанын санап алғаны аздай, балаларын соққыға жыққан деп күдік тағылған келіншек шалғайға шықпау жөніндегі қолхатпен жүр. Құзырлылардың айтуынша, оның өзінің 7 баласы бар. Тағы біреуіне аяғы ауыр екен.

Новости Казахстана


Янв
1

Комментарии закрыты.