Павлодарлық жүргізушілер құлағалы тұрған көпірден қауіптенуде


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 26, 2023

Павлодарлық жүргізушілер көрші Ресейге шығатын басты көпірдің апатты жағдайда екенін айтып шағымдануда деп хабарлайды КТК арнасы.

Өйткені жолдағы ойықтар үлкен шұңқырға айнала бастаған. Сапасыз жолдың кесірінен көлігі жиі бұзылып, мезі болған жүргізушілер енді өз амандықтары үшін алаңдаулы.

Жарылғаны соншалық, тіпті көпір астымен өтетін теміржолды анық көруге болады. Күніне мыңдаған жүк көлігінің осы «Успенка» көпірімен өтетінін ескерген тұрғындар мұндағы қозғалыстың аса қауіпті екенін алға тартуда.

Ал шенеуніктер Кеңес Одағында тұрғызылған жолдың бүгінге дейін толық жөндеуден өтпегенін жасырмайды. Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ дейді.

"Успенка көпірінің бүгінгі жағдайы ешқандай қауіп төндірмейді. Сондықтан тұрғындар алаңдамаса да болады", — дейді Павлодар қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Арман Омаров. 

Асфальттың жарылғаны жүргізушілердің үрейін туғызса керек. Биылғы жылы аталмыш көпір толығымен жөндеуден өтеді деп жоспардануда.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.